Тақырыбы: Қарағанды облысында ҰБТ өткізу барысы туралы

25.06.2020

24.06.2010 жылы “ANTIKOR ORTALYGY” сервис орталығында Қарағанды облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының қатысуымен брифинг өткізілді.

  • Қарағанды облысы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу 15 ҰБТӨП-те 21 маусым мен 04 шілде аралығында өткізіледі. 2020 жылы метепті 7673 түлек аяқтады, ҰБТ-ға қатысу үшін 6431 өтініш берілді.
  • ҰБТ ережесі бұрынғыдай қалады. Тестілеу 5 пән бойынша өткізіледі (3 негізгі және 2 бейінді). Тапсырмалар саны-120. Ең жоғары балл-140. ҰБТ тапсыру орнында калькуляторлар берілетін болады.
  • 2020 жылдың  21 маусымында Қаражал қ, Жаңаарқа, Ақтоғай аудандарының  3 пункті базасында  199 түлек ҰБТ тапсырды. Кіргізу және тестілеу барысында шығарылған түлектер болған жоқ.
  • 2020 жылдың 22 маусымында өтініш берген 362 түлектен 5 ҰБТ өткізу пунктерінің базасында 348 түлек қатысты (Балқаш қ., Қаражал қ., Жаңаарқа, Нұра, Ұлытау аудандары). ҰБТ кезінде ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін 9 түлек аудиториядан шығарылды: 7 – Жаңаарқа, 1 – Ұлытау, 1 – Нұра аудандары.
  • 2020 жылдың 23 маусымында өтініш берген 325 түлектен 4 ҰБТ өткізу пункттерінің базасында 319 түлек қатысты (Балқаш қаласы, Жаңаарқа, Нұра, Ұлытау аудандары). Барлығы 3 бұзушылық анықталды – ұялы телефонды пайдалану  (Нұра -1, Жаңаарқа-2).

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля