Департамент туралы ЕРЕЖЕ

04.10.2015

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігінің

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің

2012 жылғы «11» мамырдағы

№ 606 бұйрығымен бекітілген

 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау департаменті»

 мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

  1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құзыреті шегінде білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функцияларды, сондай-ақ оның құзыретіне қатысты саладағы бақылау және іске асыру  функцияларын жүзеге асыратын аумақтық органы болып табылады. Осы департамент туралы ереже (бұдан әрі- Ереже) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 778 қаулысына және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер еңгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 282 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министілігі Жауапты хатшысының 2011 жылғы 27 қазандағы № 289- К бұйрығымен бекітілген Комитет туралы Ережеге сәйкес әзірленген.

  2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республимкасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, содай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  3. Департаменттің құрлымы мен штаттық сандарын Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес Министрліктің Жауапты хатшысы бекітіледі.

  4. Департамент келесі бөлімдерінен тұрады:

    1) оқу сапасын сырттай бағалау;

    2) әкімшілік және қаржы жұмысы.

  5. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәріппен аумақтық қазынашылық органдарда ашылған шоттары болады.

  6.  Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитетке уәкілеттік берілген жағдайда, оның азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекет  тарапынан шығуға  құқығы бар.

  7.  Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұйрықтар мен қаулылар түрінде құқықтық актілер шығарады (мемлекеттік аттестаттаудың және білім беру ұйымдарын тексеру нәтижелері бойынша заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қолдану туралы).

  8.  Департаменттің заңды мекен-жайы: 100012, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы ауданы, Костенко көшесі, 6 үй.

  9.  Заңды тұлғаның толық атауы:

     – мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі;

    - орыс тілінде «Государственное учреждение «Департамент по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан».

  10.  Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынын жүзеге асырылады.

  11.  Департаментке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау үшін кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  12. Егер Департамент заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

  13. Департамент өз қызметінде Комитетке бағынысты.

  14. Есеп беру мерзімдері мен нысандарын Комитет белгілейді.

     2.Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

  15. Міндеті: Білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.

  16. Функциялары:

    1) Бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияларды және (немесе) қосымшаларды:

    2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға;

    3) Техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;

    4) орта білімнен кейінгі, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға береді;

    5) меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мыналарды:

    6) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің;

    7) арнайы және мамандандырылған білім берудің;

    8) балаларға арналған қосымша білім берудің;

    8) балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт бойынша қосымша білім берудің;

    9) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзеді;

    10) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бағалау жүргізуді жүзеге асырады;

    11) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқықтық бұзушылық туралы хаттамалар толтырады, әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза  қолданады, істерді қозғайды және сот органдарына береді, сот процесстеріне қатысады;

    12) тексерілетін субъектілерді тексерулердің санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомствалық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізінде жүргізеді;

    13) тексеруді тағайындау туралы актінің құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етеді;

    14) заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарына тексеріс жүргізу жоспарын әзірлейді және бекітеді;

    15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштерін  қарайды.

  17.  Міндеті: сырттай бағалау әдісімен мемлекеттік бақылау және білім беру қызметін беру сапасын көтеру.

  18. Функциялары:

    1)  бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

    2) оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

    3) білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізеді.

  19. Құқықтары мен міндеттері:

    1) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар еңгізуге;

    2) Департаментке жүктелген міндетін атқару мақсатында басқа мемлекеттік органдардан, аймақтық ұйымдардан қажетті ақпараттар мен мәліметтерді сұрауға және алуға;

    3) Департамент құзыретіне жататын мәселелерді орындау үшін ғылыми және өзге де ұйымдарды, жеке ғылымдарды, ұстаздарды, мамандар мен сарапшылар белгіленген тәртіппен тартуға;

    4)  Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша комиссия жұмысына, жұмыс тобы құрамына қатысуға;

    5)  өз қызметі саласында консультативтік кеңестер (комиссиялар, кеңестер, алқалар) құруға;

    6) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін  білім саласындағы білікті мамандардан сапаршалардың деректер базасын құруға;

    7) Комитетке атқарып жатқан жұмыстар бойынша уақытылы және сапалы ақпарат беруге;

    8) департамент құзыретіне  жататын мәселелер бойынша түсініктеме беруге.

    3.  Департаменттің қызметін ұйымдастыру

  20. Департамент Қазақстан Республикасының Президентінің актілеріне, өзге де білім және ғылым саласындағы бақылауды ұйымдастыру сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес негізгі міндеттері мен қызметтерін іске асыру үшін өкілеттікке ие.

  21. Департаметті Жауапты хатшының келісімі бойынша Комитет төрағасы қызметке тағайындайтын және босатын Басшы басқарады.

  22. Департамент Басшысы департаменттің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық етеді және департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты.

  23. Департамент Басшысы департаменттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныс енгізеді.

  24. Осы мақсатта департамент Басшысы:

    1) Департаменттің қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

    2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметін  босатады;

    3) Департаменттің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, еңбек және орындаушылық тәртіпке  кадр қызметінің жұмысына және құжат айналымының ұйымдастыруына бақылау жасайды;

    4) Департамент қызметкерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, біліктілігін арттыру, даярлау (қайта даярлау), көтермелеу, үстемақы және сыйақы беру сұрақтарын шешеді;

    5) Департамент қызметкерлеріне заңнама белгіленген тәртіптен тәртіптік жаза қолданады;

    6) барлық Департамент қызметкерлері үшін міндетті түрде орындауға тиісті құзыретіне енетін  мәселелер бойынша құқықтық бұйрықтар шығарады;

    7) Департаменттің бұйрықтары мен қаулыларын шығарады;

    8) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптарға  сәйкес  әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, әкімшілік жаза қолданады, оларды қозғайды және сот органына береді, сот процесстеріне қатысады;

    9) Комитеттің келісімі бойынша Департаменттің жұмыс және тексеріс жоспарын бекітеді;

    10) Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарында және басқа да ұйымдарда Департаменттің атынан өкілдік етеді;

    11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау жұмысына басшылық жасайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды  сақтауын қамтамасыз етеді,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты.

    12) Қазақстан Республикасы заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.

    4. Департаменттің мүлкi

  25. Департаменттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi бар.

  26. Департаменттің мүлкi оған  мемлекет берген жекеленген мүліктің есебінен қалыптасқан және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Департамент баласында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

  27. Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

  28. Департаменттің өзіне бекітіліп берілген Комитеттің келісімінсіз иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

  29. Департамент міндеттері бойынша өзіне бөлініп берілген қаржы көлемінде жауап береді.

    5. Департамент қызметкерлерінің жауапкершілігі

  30. Департамен Басшысы және қызметкелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес негізгі Ережеге, Депапртаменттің құрылымдылық бөлімшелерінің Ережесіне және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулығында қарастырылғандай жүктелген міндетті уақытылы және сапалы орындауға  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жауапты.

    6. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

  31. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  32. Таратылған ұйымның мүлкін қолданыстағы заңнама шеңберінде Уәкілетті орган қайтадан бөледі.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля