Апостильдеу туралы ақпарат

30.07.2017

Қарағанды облысының білім саласындағы бақылау департаменті
«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтін жүзеге асыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі №212 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15067 болып тіркелген) «Білім туралы құжаттарға «түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес 2017 жылғы 19-шы маусымынан бастап «Білім туралы құжаттарға «түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық Білім саласындағы бақылау департаменттері көрсетеді.
        Білім туралы құжаттарға апостиль қою қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқуорындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (14.03.2017 жылғы №119 бұйрығымен өзгерістер енгізу), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 528 бұйрығымен реттеледі (08.07.2017 жылғы №267 бұйрығымен өзгерістер енгізу).
        Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.
        Апостильдi қою рәсiмiнiң мақсаты – Гаага Конвенциясына мүше-елдердiң аумағында қолдануға арналған апостиленетiн құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресiмделiнуiне кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады (1961 жылы 5 қазанда Гаага қаласында «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын Конвенция» қабылданды). Конвенцияға қол қоюшы мемлекеттер Конвенцияның уағдаласушы мемлекеттердің бiрiнiң аумағында жасалған және екiншi уағдаласушы мемлекеттің аумағына ұсынылуы тиiс ресми құжаттарға қолданылатындығына келісті.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля