Вакансия

28.09.2018

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қарағанды облысының білім саласындағы бақылау департаменті» ММ –нің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыруы
 Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
C-О-4 санаты үшін: жоғары білім;
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      3) А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
      5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
      6)жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

                     Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санаты
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты
C-О-4
min
max
109898
148301
     «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қарағанды облысының білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі, 100000, Қарағанды қаласы,  Костенко көшесі, 6 үй, анықтама телефондары: 8(7212) 50-25-11, 41-03-11, факс 41-03-11, электрондық пошта  dkso-karaganda@mail.ru, Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
 
1.Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы(С-О-4 санаты, №2-1), 1 бірлік.
 
            Функционалдық міндеттері: бөлімді басқару, бөлімнің қызметін ұйымдастыру және жоспарлау; қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болу, бөлім қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) нормаларының сақталуын бақылау; бақылау субъектісіне (объектісіне) бару (бармай) арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімін дайындау және ҚР Бас Прокуратурасы ҚСжАЕК-ке оны жолдау; білім беру ұйымдарымен  Қазақстан Республикасының білім туралы және лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау жоспарлау жөніндегі шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу;  білім беру ұйымдарын мемлекеттік бақылаудың әдістері мен механизмін талдау және жетілдіру туралы ұсыныстар дайындау; әкімшілік іс қозғалған жағдайларда әкімшілік процессуалдық заңнамалардың сақталуын бақылау және құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту; әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру; білім беру саласындағы заңнама бұзушылықтарын жою жөнінде нұсқаманы беру; бөлім қызметкерлері өткізген білім беру ұйымдарының мемлекеттік бақылау материалдарын бақылау және талдау; әкімшілік істерді соттарға дайындап жіберу; сот процестеріне қатысу; заңды тұлғалардың лицензиялауға тапсырған құжаттарына сәйкестігіне сараптама жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; білім саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін жүзеге асыру және жетілдіру мәселелері бойынша аумақтық органдармен өзара әрекеттесу және олардың қызметін үйлестіру; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының актілері мен тапсырмаларының, Департаменттің жыл сайынғы іс-әрекет жоспарының тармақтарын белгіленген мерзімде және толық көлемде орындалуына бақылауды жүзеге асыру; бөлімнің құзыреті шегінде бөлімнің талдамалық және ақпараттық материалдарды даярлау; бөлімнің құзыреті шегінде ҚР білім мен ғылымды бақылау саласындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар қалыптастыруға қатысу және стратегиялық  жоспарлар мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпарат дайындау; семинарларды, жиналыстарды және басқа да шараларды ұйымдастыру мен өткізу; бөлімнің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан түскен өтініштерге жауап (материалдар) дайындау; бөлімде еңбек және орындаушылық тәртіпті қамтамасыз ету; құзыреті шегінде өзге де жұмыстарды орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары «білім» (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу; бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі; педагогика және психология; бастапқы әскери дайындық; дефектология; музыкалық білім; бейнелеу өнері және сызу; дене шынықтыру және спорт; математика; физика; информатика; химия; биология;  тарих; құқық және экономика негіздері; география; қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; шетел тілі: екі шетел тілі; кәсіптік оқыту; қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті; әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану) мамандықтары бойынша  білім.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті органмен бекітілген нысан бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурсты өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органдардың және құзіретті органдардың интернет ресурстарында  соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде табыс етілуі тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе «Е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесі (олардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі) тапсырады.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының білім саласындағы бақылау департаменті» ММ- де өтеді. Аталмыш лауазымға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сондай-ақ тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік органның басшылығының келісімімен, конкурстық комиссияның отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметшілері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес облыстарда, сонын ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және маслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар және кандидаттар уәкілетті органға немесе аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс  комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
 
 
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы
                                                                                                                                          Нысан
                                                                                                   __________________________
                                                                                                   (мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені________________________________________________________
____________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына
орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін
және орындауға міндеттеме аламын.
   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
   Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс
телефоны___________________________________
__________________________________________________________________
________                   ____________________________________
(қолы)            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля